ЕСІРТКІСІЗ МАҢҒЫСТАУ

БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАЙЫҚ

КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ 24/7 — WHATSAPP +77018935610

Іс-шараның басты мақсаты: Жастар арасында есірткі және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу, онымен күресуге бағытталғаны.

Іс-шараның өтетін орыны: Іс-шара 2025 жылдың 24-26 аралығында өткізу.

Қатысшылар: Маңғыстау облысының  жастары (қоғам белсенділері, бақ өкілдері, волонтерлар, блогерлер, спортшылар, жастар арналған ұйымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен 14-34 жас аралығындағы жастар қатысады.

Іс-шара бойынша толық ақпарат:

24 маусым- Жастардың белсенділігін арттыруды және мәдениеттін дамытуға «Санаңды сақта» атты  квест ойынын өткізу  жоспарлануда.

      Мақсаты: Нашақорлыққа қарсы сана қалыптастыру арқылы қоғамның белсенді жастарын, БАҚ өкілдерін, блогерлер, волонтерлер және спортшыларды тарта отырып жастар арасында зерттеу арқылы зияткерлік қабілеттерін дамыту, әртүрлі қызықты жұмбақтарды анықтауға,локацияларды табуға және қойылған міндеттерді жылдам шешуге үйрету, сондай-ақ коммуникативтік және шығармашылық қабілеттері мен  білімін арттыру.

25 маусым- Жастарға арналған ұлттық спорт түрлерінен сайыс (ләңгі тебу, арқан тартыс, гір тасын көтеру) өткізу жоспарланған.

Мақсаты: жастар арасында ұлттық спорт ойындары мен салауатты өмір салтын насихаттау.

25 маусым- «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбы аясында жастарға арасында суретшілер байқауын және көрме ұйымдастыру жоспарлануда.

Мақсаты: Мәдениетті қалыптастыруға және жастардың бойында адалдықты насихаттау.

25 маусым- өңірде белгілі нарколог-психологты тарта отырып, түрлі сала өкілдері мен еріктілердің қатысуымен «Таза сана» семинар-тренингін өткізу жоспарлануда.

Мақсаты: Жастар арасында есірткі мәселесі бойынша ақпараттық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту. 

26 маусым- Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге және волонтерлармен қоғамдық көліктерде және орталық алаңдарда теңіз жағалауында халықаралық нашақорлыққа қарсы  күрес күніне орай қала тұрғындарына есірткінің зияны туралы брошюралар тарату және ақпараттық тур өткізу.  ( 1500 брошюралар тарату)

26 маусым — «Есірткісіз Маңғыстау » жобасы аясында жастарға арналған есірткінің алдын алуға бағытталған телефильм/сериалдың отандық әртістерінің қатысуымен «Таза сана» панельдік сессиясын өткізу жоспарланған.

Мақсаты: Отандық әртістерді кең көлемде аудитория жинақтай отыра «Есірткісіз Маңғыстау» жобасының өзектілігін түсіндіру және зиянды індет екенін жеткізу.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/9uKnMcoyU4PTDHkU7

Нашақорлық өте қауіпті және қатыгез  жағдай, ол ешкімді аямайды, сондықтан онымен ымырасыз күресіп, нашақорлықтың  алдын алудың маңызы өте зор.

kkKazakh