КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ 24/7 — WHATSAPP +77018935610
Нашақорлық – өмір мен денсаулыққа қауіпті дерт! Нашақорлық – есірткіге тәуелділік, ол адамның психикасы мен денсаулығын бұзады. Есірткі жүйке жүйесіне кері әсер етіп, миды зақымдайды. Есірткі иммундық жүйені әлсіретіп, түрлі жұқпалы ауруларға (гепатит, АИТВ және т.б.) әкеледі. Бауыр, жүрек, өкпе секілді маңызды органдар зақымданып, өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 2-3 жылға дейін қысқарады. Денсаулығыңды сақта! Дұрыс шешім қабылда!
Синтетикалық есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қауіпті стимуляторлар. Олар темекі шегу қоспасы, ингаляция, инъекция, таблетка немесе ұнтақ түрінде болады. Бұл заттар заңсыз зертханаларда дайындалады, құрамдары жиі өзгеріп отырады және дозасы бақыланбайды. Препараттар жылдам әсер етеді, адамды тәуелді етіп, қалыпты мінез-құлқын бұзады. Қолдану салдары – күшті галлюцинациялар мен психоз. Мұндай күйдегі адам өзіне де, өзгеге де қауіпті.
Есірткі мен психотроптық заттарға тәуелділіктің алдын алу – адамның өмірлік жағдайындағы қауіп-қатер факторларын азайтып, қорғаныс факторларын күшейтуге бағытталған маңызды стратегия. Есірткі қолданудың қауіп-қатер факторлары: • Психикалық немесе физикалық денсаулықтың нашарлауы; • Нашақор немесе маскүнем отбасында өсу; • Есірткі қолданатын достардың ықпалы; • Төмен өзін-өзі бағалау, сенімсіздік, тәртіпке бағынбау; • Ерте жыныстық қатынас, жасөспірімдік жүктілік; • Отбасылық қиындықтар, табыстың төмендігі; • Мектептегі оқу үлгерімінің нашарлығы; • Қоғаммен, отбасымен, құрдастармен қарым-қатынастағы қиындықтар. Қауіптің алдын алуға көмектесетін қорғаныс факторлары: • Отбасындағы тұрақтылық, ата-анамен жылы қарым-қатынас; • Орташа немесе жоғары табыс, жақсы өмір сүру жағдайлары; • Жоғары зияткерлік даму және стресске төзімділік. Бүгінде психоәлеуметтік тәсілдер мен алдын алу бағдарламалары – есірткімен күрестегі ең тиімді әрі ұзақ мерзімді нәтижеге қол жеткізетін жолдардың бірі болып саналады.