ЕСІРТКІСІЗ МАҢҒЫСТАУ

БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАЙЫҚ

КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ 24/7 — WHATSAPP +77018935610

Құрметті достар!

«Есірткісіз Маңғыстау» жобасының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Аталған сайтта Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Есірткісіз Маңғыстау» жобасы аясында өтетін іс-шаралар, жастар арасындағы синтетикалық есірткі мен психотропты заттардың таралуын болдырмауға бағытталған ақпараттық және әдістемелік материалдар таба аласыз. 

«Жоба туралы» бөлімінде жобаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелер туралы ақпарат ала аласыз. Сондай-ақ БАҚ дайжесті, инфографикалар мен сараптамалық ақпаратпен танысуға болады.

«Жаңалықтар» бөлімінде жоба аясында атқарылған іс-шаралар мен қол жеткізген нәтижелер, сарапшылардың пікірі мен құқық қорғау органдарының есірткімен күрес бағытындағы қызметі туралы біле аласыз.

«Пайдалы ақпарат» бөлімінде жастар мен олардың ата-аналарына, педагогтер мен психологтарға арналған синтетикалық есірткі мен психотропты заттардың таралуын алдын алу бойынша ақпараттық және әдістемелік материалдар, жадынамалар мен медиа өнімдер жарияланады.

«Қатарымызға қосыл» бөлімінде жоба аясында ұйымдастырылатын киберволонтерлер пулы мен жастар қозғалысының мақсаты мен міндеттері, оқыту бағдарламасы мен мүшелікке өту жөнінде ақпарат ала аласыз.

«Сұрақ-жауап» бөлімінде сайт қолданушылары білікті психолог мамандардар онлайн тегін кеңес алуға және жобаға қатысты ұсынысы мен сын-ескертпелерін жолдай алады.

«Есірткісіз Маңғыстау» жобасымен бірге болашаққа батыл қадам жасайық!

Медиа

ru_RURussian